26 шіл, 2016 сағат 14:56

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ға өсті

2016 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы мамырмен салыстырғанда 13,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылғы мамырда 2015 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 45%, жармаларға – 33%, кофе, шай және какаоға – 28,5%, май және тоң майға – 27,8%, нанға – 22,9%, балық және теңіз өнімдеріне – 21,9%, кондитерлік өнімдерге – 20,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 17%, макарон өнімдеріне – 15%, жемістер мен көкөністерге – 11,5%, алкогольді ішімдіктерге – 11%, ұнға – 9,4%, сүт өнімдеріне – 7,9%-ға өсті.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,8%-ды құрады. Құс етіне баға деңгейі 11,5%, шұжық өнімдеріне – 8,9%, сиыр етіне – 4,3%, шошқа етіне – 2,7%, қой етіне – 2%, жылқы етіне – 1,2%-ға жоғары болды.

«Ұлт ақпарат»