14 қаң, 2020 сағат 13:41

МӘМС: Ауырмаған адамға сақтандыру үшін аударған ақшасы қайтарыла ма?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Ситқазинов азамат бір жыл бойы ауырмаған жағдайда міндетті сақтандыруға аударған ақшасы қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Егер осы жылы ауырмаған болсаңыз - сақтандыруға аударған ақшаңыз қайтарылмайды. Медициналық сақтандырудың қағидасы: дені сау адам науқас үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Егер биыл ауырмаған болсаңыз – сақтандыруға аударған ақшаңыз ауырған адамдардың еміне жұмсалады. Ал егер келесі жылы сіз ауырып қалсаңыз – сақтандыруға қанша жинағаныңызға қарамастан, сізге де толық медициналық қызмет түрлері көрсетіледі», - деді Айдар Ситқазинов бүгін елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол не себепті жеке клиникалар да қаржыландырылатынын түсіндірді.

«Мұның бәрі медициналық ұйымдар арасында бәсеке болуы үшін керек. Бәсеке болған жерде жұмыс сапалы болады», - деді ол.