#
#
Жұма 06/12/2019

Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді

  • 12.07.2019
  • 0
  • 535

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 

«Қазақстанда Сіздің құрметті қонақ ретінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысқа қатысқаныңызды жылылықпен еске алады, - деді Асқар Мамин. - Қазақстан Тәжікстанмен өзара тиімді көпжоспарлы серіктестікті кеңейтуге мүдделі».

Сонымен қатар ТР Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен үкіметаралық келіссөздер өтті. Келісөздер барысында қазақстандық-тәжікстандық ынтымақтастықты тереңдеу келешегі қаралды. 2018 жылы елдердің екіжақты сауда көлемі 8,2%-ға артты, сауда айналымы $900 млн құрады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 2,9 есе өсіп, 16,9 млн тоннаны құрады. 

Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода Қазақстанның тауар айналымы бойынша Тәжікстанның екінші серіктесі болып отырғанын айтты. Сонымен қоса, Қазақстанның Тәжікстанның басты сауда серіктесіне айналуы бойынша зор перспективалар бар. Осы мақсатта Қазақстан және Тәжікстан Үкіметтері алдағы 3-4 жылда өзара сауда көлемін $2 млрд-қа дейін арттыру үшін жұмыстар жүргізуде. 

Тараптар қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемін арттыру және номенклатурасын кеңейту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру ниетін растады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және коммуникациялар салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге көңіл бөлінді. 

«Біздің инвестициялық ынтымақтастығымызды бірлескен инвестициялық жобаларды жасау арқылы арттыруға әзірміз», - деді Асқар Мамин. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға ресми сапары аясында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды:  

  • $35 млн-ға Еуразиялық Даму Банкі, «Рохи Охани Точикистон» МУК және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы  ынтымақтастық туралы келісімге;

  • $20,7 млн-ға «Агромашхолдинг» АҚ, «Таджиксельхозлизинг» РМУК және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге; 

  • $16 млн-ға «Дусти 2017» ЖШҚ және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;

  • $6 млн-ға «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы қазақстандық бидайды жеткізуге шекті келісімге; 

  • $1,5 млн-ға «Hyindai Trans Avto Kazakhstan» және «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ арасындағы эвакуаторлар, туристік автобустар жеткізуге келісімге;

  • $1 млн-ға «PALLANT TRADE» ЖШС және «Таджеро» ЖШҚ дистрибьюторлық компаниясы арасындағы консервіленген өнімді жеткізу туралы келісімшартқа;

  • $655-ға «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ арасындағы Jac маркалы 50 машинаны жеткізу туралы келісімшартқа; 

  • «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы  ынтымақтастық туралы келісімге; 

  • «Ситабр Агро» ЖШҚ және «Continental Agro Trade» ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық  туралы меморандумға; 

  • «Метал Инвест» ЖШҚ және «Continental Agro Trade» ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық  туралы меморандумға; 

  • «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Рохи охани Точикистон» МУК арасындағы келіссөздер хаттамасы. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар