18 шіл, 2019 сағат 12:23

Мамин Атырау облысындағы мұнай-газ кәсіпорындарын аралады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары барысында мұнай-газ саласы кәсіпорындарын аралап, жаңа өнеркәсіптік нысандардың салыну барысымен танысты және жергілікті қамтуды, мұнай-газ, машина жасауды дамыту және ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Рrimeminister.kz сайты хабарлағандай, ҚР Үкіметінің басшысы салынып жатқан «Теңіз» кен орны үшінші буын зауытына барды, ол «Теңізшевройл» ЖШС жүзеге асырып жатқан Болашақ кеңейту жобасы аясында салынып жатыр. 

photo_2019-07-18_15-51-54.jpg

Зауытта жалпы құрылыс жұмыстары, жерасты коммуникацияларын жүргізу, резервуарлар монтажы жүргізіліп жатыр, онда 23 құрастырмалы модульдік эстакада орнатылған. Екі газтрубиналы генератор мен технологиялық модульді құрастыру сәтті аяқталды. Зауыттың құрылыс алаңында 25 мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйым жұмыс істейді, 3300-ге жуық адам тартылған. Жоба 2022 жылы аяқталады.

ҚР премьер-министрі сонымен қатар Қашаған кен орнын және мұнай өндіріліп, оны «Болашақ» зауытына құбыр желісі арқылы одан әрі тасымалдаумен бірінші реттік сеперация жүргізілетін Д жасанды аралын ұшақпен аралады. 

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Үкіметінің басшысы жергілікті қамтуды дамыту, мұнай-газ, машина жасау, ҚР еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

photo_2019-07-18_15-52-04.jpg

Асқар Мамин ірі жобалар операторларының сатып алуларында жергілікті қамту үлесі өсімді байқатып отырғанын атап өтті, бірақ қазақстандық машинажасаушылардың өнімдері толыққанды пайдаланылмай отыр.  

«Бұл жағдай пәрменді шараларды, оның ішінде жобалар операторлары тарапынан да қабылдауды талап етеді», - деді ҚР премьер-министрі.

Асқар Мамин Үкіметтің Машинажасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасына қабылдағанын айтты, онда машина жасау кәсіпорындарын салықтық артықшылықтармен, қаржылық және шикізаттық қолдаумен, сондай-ақ білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді пысықтау қарастырылған.

Кеңесте сонымен қатар ҚР еңбек заңнамасының сақталу мәселелері талқыланды, атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың кәсіпорындарда жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайлары мен тұруын қамтамасыз ету бойынша мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты вертикальді бақылауды енгізуі талқыланды.  

photo_2019-07-18_15-52-00.jpg

photo_2019-07-18_15-52-11.jpg

Сонымен қатар өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі «АМӨЗ» ЖШС мұнайды терең өңдеу кешенін, «АтырауМұнайМаш», «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» АЭА, «Полимер Продакшн», «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.», «Karabatan Utility Solutions», «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытын, «Шеврон Мұнайгаз Инк.», түрлі маркалы оптикалық кабель шығаратын зауытты аралады.