25 мау, 2019 сағат 07:10

Мамин: Арыста қаза тапқан екі адамның туыстарына көңіл айтамыз (Видео)

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыста қаза тапқан екі адамның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кеше оқиға орнында болды. Осы төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шара ұйымдастырылды. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге түгел көшірілді. Үкімет тарапынан қажетті шаралар атқарылатын болады. Бүкіл ел қиындықты еңсеруге атсалысуда. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бастамасын қолға алды.

Өкінішке қарай, екі адам – азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында