#
#
Cәрсенбі 22/08/2018

Мамандардың жалақысы көтерілсе, жемқорлық азаяды - Бекшин

  • 08.02.2018
  • 0
  • 656

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ведомстволардағы мамандардың әлеуметтік жағдайы реттелмей отыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бүгін Астанада өткен мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері талқыланған жиын өтті.

Онда сөз сөйлеген Жандарбек Бекшин жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін тақылай отырып, өзіне қарасты комитет мамандарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы туралы сөз қозғамай кетуге болмайтынын атап өтті.

«Біздің салада көбінесе бұзушылықтар аудандарда тіркеліп жатады. Бұған ең алдымен айлықтың төмен болуы себеп болып отыр. Аудандарда олар орташа есеппен 65 мың теңге айлық алады. Тіпті жас мамандардың айлығы бұдан да аз. Ауылға дипломмен келетін мамандарға көтерме ақы беру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен біздің мамандар қамтылмай қалды», - дейді Жандарбек Бекшин.

Комитет төрағасының айтуынша, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қызметшілері аудандық деңгейге дейін жұмыс жүргізеді.

«Біздің балаларды балабақшаға орналастыру мәселесі де өзекті. Бұл мәселе де шешімін тапқан жоқ. Тағы айтарым бүгінгі күні баспана беру мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Соңғы 10 жылда біздің мемлекеттік қызметшілер аймақтық деңгейде, нақтырақ айтқанда аудандарда бірде-бір баспана алған жоқ. Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша арнайы құқықтық кепілдендіру енгізуді сұраймыз. Ауылдық деңгейге дейін осы мәселе назарға алынса, жемқорлыққа бару тәуекелділігі азаяр еді», - дейді Бекшин.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар