#
#
Сейсенбі 19/11/2019

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 трлн теңгені құрады – Омаров

  • 18.06.2019
  • 0
  • 1243

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде мал шаруашылығы саласындағы 2018 жылдың нәтижелерін атап өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол 2018 жылы «Сыбаға» арқылы 6 айда 600 астам отбасылық ет фермасы кредит алып, бағдарламаға қосылғанын айтты. Нәтижесінде 2018 жылы ет экспорты 18,7 мың тоннаны, оның ішінде сиыр етінің экспорты 4,7 мың тоннаны құраған. 

«Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында былтыр 25 тауарлық сүт фермасы пайдалануға берілді. Жалпы қуаты 6 мың бастан асатын бұл фермалардың 7 – өнеркәсіптік, 18 – отбасылық фермалар. Тек ұйымдастырылған шаруашылықтардағы сүт өндіру көлемінің өзі 1,5 млн тоннаны құрады», - деді Омаров.

Министр құс шаруашылығында 5,6 млрд дана тауық жұмыртқасы өндіріліп, 671 млн дана жұмыртқа экспортталғанын айтты. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.

«191 мың тонна құс еті өндірілді. Ақмола облысында қуаты жылына 25 мың тоннаны құрайтын ең үлкен бройлерлік құс фабрикасы іске қосылды. 2018 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 трлн теңгені құрады», - деп айтты ведомство басшысы есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ, оның айтуынша ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елдерге экспорттау көлемі артып келеді.

"Бүгінде 13 тауар түрі бойынша Қытай нарығы ашық. Яғни, балық өнімдері, асыл тұқымды жылқылар, мұздатылған қой еті, бал, бидай, бидай кебегі, соя бұршақтары, сойыс жылқылары, рапс, сиыр еті, жоңышқа пішені, ұн, өсімдік майы, арпа, жүгері экспортталады", - деді министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.

л Иран тарапымен тірі қойларды, мұздатылған және салқындатылған қой етін, сиыр етін, жұмыртқа жеткізуге арналған ветеринариялық талаптар келісілген.

"Сауд Арабиясы Корольдігімен сою және өсіру үшін отандық ірі қара мал мен ұсақ мал экспорттауға арналған ветеринариялық сертификат келісілді. Бахрейнге сиыр еті мен қой етін экспорттау жүзеге асырылуда. Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін Қытайға экспорттау 30,4%-ға (жалпы экспорт - 258,2 млн АҚШ доллары), Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ, САК, Оман, Бахрейн) экспорттау 4,1 есеге, Иранға экспорттау 2,1 есеге (328,9 млн АҚШ доллары), Еуроодаққа экспорттау 14,6%-ға (303,6 млн АҚШ доллары) артты", - дейді министр.

Жалпы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау көлемі 2018 жылы 24,5%-ға ұлғайған.

"Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шетелдік нарықтарға қолжетімділігін арттыру үшін Израиль, Түркия, Кувейт, Оман, Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерімен, Еуроодақ елдерімен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте, Қытай тарапымен 2018 жылы Қазақстаннан жеткізілетін экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын импорттық талаптарды келісу жөніндегі жол картасы бекітілді", - деп сөзін түйіндеді С. Омаров.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар