28 мау, 2017 сағат 17:23

Мақсат Үсенов тағы 10 тәулікке қамауға алынды

Мақсат Үсенов тағы да 10 тәулікке қамауға алынды. Бүгін оның ісіне қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бұдан өзге, Алматы-Бангкок бағытындағы ұшақтың дәретханасында темекі тартқандығын айтқан ол бұл әрекетінің себебін түсіндірді. Бортсеріктің ескертуінен кейін Үсенов ұшақ ішінде жанжал шығарған.

«Тыйым салынғанын білсем де, мен барып темекі шектім. Өйткені мен өзімді жайсыз сезіндім. Дәретханадан шыққан соң, орныма келдім. Бортсерік менің сөмкемді ақтара бастады. Бұл оқиғаға куәгерлер де бар», - деді Үсенов.

Айта кетейік, 28 маусым күні Мақсат Үсеновке  ұшу барысында қауіпсіздік сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 564-бап 5-тармағы бойынша үкім шығарылуы керек болатын. Алайда ол сот залына келмеді.  

Сондай-ақ, Мақсат Үсенов 5 маусымда Алматы-Бангкок рейсінде бұзақылық жасап, бортсерікке дөрекілік көрсеткен еді. Оның бұл əрекетіне қатысты  қалалық əкімшілік сот 10 тəулікке қамауға алып, 3 АЕК  көлемінде айыппұл салды. Осы оқиғадан соң Үсенов «Эйр Астана» компаниясының деструктивті жолаушыларының сұр тізіміне ілінді.