#
#
Сейсенбі 28/01/2020

Мәдениет пен өнерді қолдауға арналған арнайы қор құрылмақ

  • 06.01.2020
  • 0
  • 300

Мәдениет пен өнерді қолдауға арналған арнайы қор құрылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымымен кездеу барысында Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде Үкімет тарапынан мәдениет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленуде. Онда елімізде мәдениет саласын дамыту бағытында арнайы қорды құру ескерілген. Осы орайда қор бойынша әртүрлі салада қолдау болады, сондай-ақ сіздер айналысып жүрген бағытта да тиісті шаралар қамтылады», - деді Г. Әбдіқалықова университет ұжымына қарата айтқан сөзінде.

Сонымен қатар депутат цифрландыру мәселесінің де өзекті екенін атап өтті.

 

«Бүгін университеттегі студияның жұмысымен таныстық. Барша әлем цифрландырумен дамып келе жатыр, оның аясында кинофильм түсіру, концерт саласын да атап өткен жөн. Бұл тұрғыда қолайлы норма ескерілген, яғни осы бағытта жаңа технологиялық деңгейде саланы дамыту мүмкіндігіне қолдау жасалады», - деді ол.

Депутаттың сөзіне қарағанда, аталған жобада ұсынылған үшінші бағыт - концерттік қызмет саласына қатысты мәселелер.

«Осы тұрғыда мәдениет қайраткерлері тиісті ұсыныстар жасаған болатын, сәйкесінше, Үкімет қажетті нормаларды енгізеді деген ойдамын», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР