03 мау, 2020 сағат 23:00

Лукашенко Беларусь Үкіметін отставкаға жіберді

Беларусь Президенті Александр Лукашенко іс басындағы Үкімет құрамын отставкаға жіберу шешімін қабылдады. Бұл туралы «Беларусь 1» телеарнасының эфирінде айтылды, деп жазады БЕЛТА.

БЕЛТА агенттігіне ақпаратты Президенттің баспасөз қызметі де растап, А.Лукашенконың тиісті Қаулысы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетінін мәлім еткен. 

Беларусь Үкіметінің жаңа құрамын жасақтау мәселесі 3 маусым күні таңертең А.Лукашенконың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланған. Оған Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова, Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко, Президент Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенко және Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Андрей Равков қатысты.