16 қаз, 2018 сағат 11:16

Лу Пиау: "Жасыл жапырақ майда шуаққа үн қосады..."



Лу Пиау – Қытай ақыны, 1953 жылы Шаңхайда дүниеге келген. Қытай Жазушылар одағының мүшесі. «Солтүстіктің қары», «Кері ағыс», «Аспанға ұшқан шамдар», «Найзағайдың күңгірі» атты жыр жинақтарының авторы. 

Лу Пиаудың бір топ өлеңін ақын, драматург Ардақ Нұрғазыұлының аудармасында назарларыңызға ұсынамыз.

СУРЕТ 

Тасыр-тасыр етті де 
Жаңғақ жатты әйнек столдың бетінде 
Қара қарға мұздың бетін сыза 
Төбемнен өтті 
Бұлтты аспаның көгіне сіңді 

Сенбей тұрмын 
Мына дүние өзіммен бірге қирайтынына 
Шытынаған да 
Бір минуттың алдындағы сәттің 
Қабырғасын сөгіп 
Айдынның айы шағылатынына 

Қалай да сүретке түсіріп алғым келеді 
Не болса да 
Бір дүние қирап 
Енді біреуі жаңадан жаралып жатса да 

Кенеттен, қара аспаннан қарға тік шаншылып түсті 
Мұздың бетіне 
Мен суретке түсіріп үлгірген сәтте 
Бәрі бітті 
Мен, қалғанмен аман, мұз жарылып 
Көңілім құлазып кетті.

АРЫСТАН ТАС 

Таудай бір арыстан 
Қаншырын астына басты 

Қаншырдың астында да 
Жатыр тас 

Екі арыстан сүйкенген сәтте 
Әлгі тас ән салады 

Тас шықырлап емес 
Қайта ыңырсып жатты 

ЖАБУ 

Терезені жауып 
Есікті бекіткеніңмен 
Бәрібір көктемнің лебін тоса алмайсың 
Жасыл жапырақ 
Майда шуаққа үн қосады 
Құс баласы аспанда әнге басады 

Менің ешкімге залал жеткізгім келмейді 
Шырын сорған көбелек пен 
Тіміріскілеген итке де 

Дүниенің кеңдігіне бәрі сиғанда 
Мен де өзімнің ішкі әлеміме 
Сиғым келеді 

Менің ұшқым да 
Секіргім де 
Тіпті, қозғалғым жоқ 

Өзімнің ішімде 
Өзімнің ұям 
Жұмыртқадай әлемімде жатқым келеді 

ЖАРТЫ-АҚ САҒАН 

Тивет үстіртінде саған берілетін уақыт 
Жарты-ақ сағат 

Аналар 
Береді 
Жарты-ақ сағат 

Қасқырға да 
Аюға да 
Қарға мен 
Сауысқанға беретін уақыт та тек жарты-ақ сағат 

Жаңа туған еліктің лағы 
Сөзсіз жарты сағатта аяқтануы керек 

Аяқтана салып 
Енесіне еріп желе жортып 
500 келеметрды артқа тасауға тиіс 
Мынау сырлы дүниеге ол осылай бауыр басуға міндетті 

Тивет үстірті 
Жұмбақ 
Бәрі жарты сағатқа байланған ғажап өлке 


КИІМ 

Төсекте жатыр 
Жерде жатыр 
Шашылып 

Мен тұрып: 
Қайсысы сенікі 
Қайсысы менікі, дедім 

Ол тұрып: 
Сиғаны сенікі 
Симағаны менікі 

Осылай болды 
Сұрай беріп қайтесің, деді. 

Аударған – Ардақ Нұрғазы 

Лу Пиау: АРЫСТАН ТАС

 

Лу Пиау – Қытай ақыны, 1953 жылы Шаңхайда дүниеге келген. Қытай Жазушылар одағының мүшесі. «Солтүстіктің қары», «Кері ағыс», «Аспанға ұшқан шамдар», «Найзағайдың күңгірі» қатарлы жыр жинақтардың авторы.

 

СУРЕТ

 

Тасыр-тасыр етті де

Жаңғақ жатты әйнек столдың бетінде

Қара қарға мұздың бетін сыза

Төбемнен өтті

Бұлтты аспаның көгіне сіңді

 

Сенбей тұрмын

Мына дүние өзіммен бірге қирайтынына

Шытынаған да

Бір минуттың алдындағы сәттің

Қабырғасын сөгіп

Айдынның айы шағылатынына

 

Қалай да сүретке түсіріп алғым келеді

Не болса да

Бір дүние қирап

Енді біреуі жаңадан жаралып жатса да

 

Кенеттен, қара аспаннан қарға тік шаншылып түсті

Мұздың бетіне

Мен суретке түсіріп үлгірген сәтте

Бәрі бітті

Мен, қалғанмен аман, мұз жарылып

Көңілім құлазып кетті

 

 

АРЫСТАН ТАС

 

Таудай бір арыстан

Қаншырын астына басты

 

Қаншырдың астында да

Жатыр тас

 

Екі арыстан сүйкенген сәтте

Әлгі тас ән салады

 

Тас шықырлап емес

Қайта ыңырсып жатты

 

 

ЖАБУ

 

Терезені жауып

Есікті бекіткеніңмен

Бәрібір көктемнің лебін тоса алмайсың

Жасыл жапырақ

Майда шуаққа үн қосады

Құс баласы аспанда әнге басады

 

Менің ешкімге залал жеткізгім келмейді

Шырын сорған көбелек пен

Тіміріскілеген итке де

 

Дүниенің кеңдігіне бәрі сиғанда

Мен де өзімнің ішкі әлеміме

Сиғым келеді

 

Менің ұшқым да

Секіргім де

Тіпті, қозғалғым жоқ

 

Өзімнің ішімде

Өзімнің ұям

Жұмыртқадай әлемімде жатқым келеді   

 

 

ЖАРТЫ-АҚ САҒАН

 

Тивет үстіртінде саған берілетін уақыт

Жарты-ақ сағат

 

Аналар

Береді 

Жарты-ақ сағат

 

Қасқырға да

Аюға да

Қарға мен

Сауысқанға беретін уақыт та тек жарты-ақ сағат

 

Жаңа туған еліктің лағы

Сөзсіз жарты сағатта аяқтануы керек

 

Аяқтана салып

Енесіне еріп желе жортып

500 келеметрды артқа тасауға тиіс

Мынау сырлы дүниеге ол осылай бауыр басуға міндетті

 

Тивет үстірті

Жұмбақ  

Бәрі жарты сағатқа байланған ғажап өлке

 

 

КИІМ

 

Төсекте жатыр

Жерде жатыр

Шашылып

 

Мен тұрып:

Қайсысы сенікі

Қайсысы менікі, дедім

 

Ол тұрып:

Сиғаны сенікі

Симағаны менікі

 

Осылай болды

Сұрай беріп қайтесің, деді.

 

 

Аударған – Ардақ Нұрғазы