#
#
Сейсенбі 23/04/2019

Лор Кастен: Мен үшін Қазақстан мен Абай - егіз ұғым

  • 24.01.2019
  • 0
  • 1978

Қазақстанға Франция мәдениеттанушылары мен тарихшылары үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Елбасы кітапханасына келген Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің мәдениет және серіктестік мәселелері бойынша кеңесшісі Лор Кастен мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кастен ханым қазақ мемлекеттігінің тарихын, әсіресе ХІХ-ХХ ғасырлар кезеңін ерекше қызығушылықпен оқып жатқанын атап өтті.

«Қазақстанға алғаш келуім. Бес айдан бері екі ел арасындағы мәдениет және серіктестік мәселелері бойынша жұмыс істеп жатырмын. Бүгін сәні жарасқан Назарбаев орталығында болып, мемлекеттің тарихына сүңгіп кеткендей күй кештім. Елбасы кітапханасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марапаттар экспозициясы ерекше әсер етті. Бұл жерді асықпай, әр экспонаттың қызықты тарихына үңіле отыра аралау керек», - деді Лор Кастен. 

Сонымен қатар, Франция өкілі бүгінде екі ел арасындағы іскерлік және мәдени байланыстар өте жоғары деңгейде екенін, алайда оны, әсіресе, білім мен туризм саласында тереңдете түсу керектігін атап өтті.

«Туыстарым мен достарыма Қазақстан туралы айтқанда, ең бірінші ауызға ілігетіні  -  қазақ халқының шексіз қонақжайлығы, қонақ күте алуы, жайдары мінезі мен кеңпейілдігі. Онымен қоса, мен үшін Қазақстан мен Абай ұғымдары - егіз. Оның шығармалары өмірлік философиясының тереңдігімен жаныңды баурап алады. Әр кеш сайын достарыма Қазақстан туралы фотосуреттер жіберемін. Бұл кез келген халықтың дәстүрі мен мәдениетін кең танытып, паш етудің ең бір жылдам тәсілі десе де болады. Бұған тым әуестеніп кеткенім сондай, жіберген суреттер мен айтқан мәліметтерден кейін туыстарым мен достарым Қазақстанды қатты көргісі келеді», - дейді Кастен ханым. 


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар