14 мау, 2017 сағат 16:48

Лондонда биік ғимараттағы өрттен бірнеше адам қаза тапты

Лондондағы Grenfell Tower көппәтерлі тұрғын үйі өртенді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Полициядағылардың айтуынша, алты адам қаза тапқан, алайда әлі де қаза тапқандардың саны артуы мүмкін. Өрттің неден шыққаны белгісіз. 

Ел астанасының жедел жәрдем қызметі 50 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

© REUTERS

Grenfell Tower 1974 жылы салынған. 24-қабатты ғимаратта 120 пәтер бар.