09 мау, 2018 сағат 09:09

Левиттің қытай боксшысын нокаутқа түсірген видеосы пайда болды

Қазақстандық боксшы Василий Левит Астанада өткен ҚР Президенті Кубогының жартылай финалына шықты, -  деп хабарлайды Vesti.kz.

Левит ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсете отырып, бірінші раундта-ақ қытайлық Ванг Жибаоны нокаутқа түсірді. Бұл қазақстандық боксшы үшін Президент Кубогындағы мерзімінен бұрын жеткен екінші жеңісі болып отыр. Левит 1/8 финалда екінші раундта Үндістаннан келген Санжетті нокаутқа түсірген болатын.