11 қаз, 2017 сағат 12:55

Леонардо Да Винчидің қайта табылған картинасы аукционда 100 млн долларға сатылмақ

Жеке коллекциядан табылған Леонардо Да Винчидің соңғы картинасы аукционда сатылады. Картинаның бастапқы бағасы $100 млн құрайды, деп хабарлайды Time.

XVI ғасырдағы картинаның аты Salvator Mundi (лат. - «Әлем құтқарушысы») деп аталады және Иисус Христостың портреті саналады.

Картинаның тарихы белгісіз. Алғашқыда II Карл патшаның коллекциясында сақталған портрет Букингем герцогының некесіз туған ұлына өткен. Кейін картина жоғалып кеткен және оны 1958 жылы сатылымға қойған кезде қайта табылған. Содан кейін тағы жоғалып, 2005 жылы авторы мен тарихы зерттелген соң аукциондардың біріне шығарылады.