19 ақп, 2019 сағат 08:09

Лауазым дегеніміз - халықтан биік дәреже емес, миссия

Біздің шенеуіктердің бір лауазым алса, желіде, бірін-бірі жарыса, улап-шулап құттықтайтын дәстүрі пайда болды.

Тағайындалған ол лауазымды көтере ала ма, ол сол лауазымға сәйкес келе ме? Он шаруа жоқ, жамырай бірін-бірі құттықтаған шенеуік.

Лауазым дегеніміз мәртебе немесе халықтан биік дәреже емес, миссия.

Ол миссияны көтеріп жүру үлкен мәселе, ол көтеріле ме жоқ па, өмір ғана көрсете алады.

Ал біздікілер, аспаннан алтын жапқандай біріне бірі айқайлап, алақайлап естері шығады.

Сондықтан, бұл дәстүрді доғарған дұрыс болар.

Салқынқанды болыңыздар, жеке құттықтаңыздар, қызметінің нәтижесін саралап-сараптаңыздар.

Өздеріңізді-өздеріңіз өзгертіңіздер.

Үй артында кісі бар.

Сырт көзге өресі, дарақы, ұят...

Ерлан Саировтың фейсбуктегі жазбасынан