#
#
Жұма 26/04/2019

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бүгіні мен болашағы

  • 28.09.2017
  • 11
  • 6297

Қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланған болатын. Елбасы өз мақаласында «...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп қазіргі жаһандану заманында кейінгі ұрпақ жастарымыздың білімінің кеңейіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін өте қажет екендігін баса айтады. Бұл еліміздегі жастарды әлемдік ғылым мен білімді игеруге бағыттап жатқан оң шешім болса керек. Сондай-ақ Елбасы осыған дейін латынға өткен Түркі елдері Түркия, Әзербайжан, Өзбекстанның тәжірибесіне де сүйену қажеттілігін, ондағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралау керектігін алға тартады.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі алғаш рет еліміз егемендік алған тұста, яғни 1991 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін қалаған қоғам қайраткері, белгілі тілтанушы ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ә.Қайдардың мақаласынан бастау алды. Академик ғалым Елбасына «Ашық хат» жолдап, еліміз латын әліпбиіне көшу керектігін айтып, өз жобасын ұсынады. Сол кезден бастап латын әліпбиіне байланысты әртүрлі ой-пікірлер айтылып жатты. Қарсы болғандары да бар. Әрине латын әліпбиіне көшу мәселесі оңай шаруа емес. Өйткені тілдің заңдылықтарын ескере отырып, халыққа тиімді әліпби ұсыну және оны жүзеге асырудың жолын қарастыру үшін көптеген білім мен ізденіс қажет.

Латын әліпбиі жазу арқылы жүзеге асатындықтан, жазу теориясын меңгерген маман ғана тілдің ішкі қатпарларын түсініп, жоба құрастыра алары анық. Осы орайда жазу теориясы жайында жазылған Қ.Күдеринованың «Түркі тілдерінің әліпбиі мен емле тарихы» атты еңбегін атап өтуге болады. Ғалым «Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді. Жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны жазу және өркениет, жазу – ұлт, жазу мен ойлау сияқты іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады» – деп ой қорытады. Яғни жазу арқылы халықтың ой-санасы дамып, өркениетке аяқ басады. Сондықтан латын жазуын жүзеге асырғанда, қазіргі кезеңді ғана ойламай, болашақ ұрпақтың сауатты жазуына, әлемдік деңгейде бәсекелесе алатындай дәрежеде болуына мән берген жөн.

Біз қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру дегенді ағылшынның әріптерін қоя салу деп түсінбей, өз тіліміздің табиғатын сақтайтындай етіп жасағанымыз дұрыс. Ол үшін әрбір графеманың тілдегі қызметін терең түсіне отырып, тіліміздің әуені мен әуезін бұзбайтындай етіп, халыққа тиімді әрі оңай игеретіндей әліпби жасауымыз қажет. Біз тілімізді комьютерге емес, компьютерді тілімізге икемдегеніміз жөн.

2014-2016 жылдар аралығында А.Байтұрсынұлы институтының тілтанушы-ғалымдары латын әліпбиіне байланысты бірнеше жоба ұсынды. 2016 жылы үш латын әліпби жобасы бойынша ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары студенттері арасында сауалнама таратылып, эксперименттік зерттеу жүргізілді. Бұл жобалардың екеуі лингвистикалық бағыттағы жобалар болса, ал біреуі техника мамандарының жасаған әліпби жобасы болатын. Зерттеуге 250 респондент қатыстырылып, олардың қай әліпбиді қолдайтындығы, яғни қайсы жобаның оқуға, түсінуге жеңіл болатындығы сарапқа салынды. Нәтижесінде «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау» атты еңбек жарық көріп, зерттеу барысында лингвистикаға негізделген әліпби-жобасының тиімді екендігі белгілі болды. Яғни респонденттердің басым бөлігі диграфпен жазудың қиын екендігін, сөзімізің шұбалаңқы болып созылып кететіндігін айтқан болатын. Шындығы да сол. Өйткені әліпбиді мектеп табалдырығын аттаған бала мен қартайған кісілерге дейін қолданып, білімін жетілдіреді. Сондықтан латынға көшпес бұрын әбден зерттеп, қиындық келтірмейтін жағын ойлаған жөн.

Жалпы жобаларды лингвист маман ретінде сарапқа салар болсақ, үкіметке ұсынылған бірінші әліпби – лингвистикалық жоба. Бұл жоба 32 таңбадан тұрады, онда қазақ тілінің табиғатын сақтау қажеттілігі ескерілді. Яғни бір дыбысқа бір әріп таңбасы. Барлығы – 32 таңба. Аа–Аа, Әә – Ää,  Бб – Bb, Вв – Vv,Гг – Gg, Ғғ – Ğ ğ, Дд – Dd, Ее –Ee, Жж – Jj, Зз – Zz, Йй –Yy, Кк – Kk, Ққ – Qq, Лл – Ll, Мм – Mm, Нн – Nn, Ңң – Ŋŋ, Оо – Oo, Өө – Öö, Пп – Pp, Рр – Rr, Сс – S s, Тт – Tt, Уу – Ww, Ұұ/Уу – Uu,Үү – Ü ü, Фф – Ff, Хх –Hh, Шш – Şş, Ыы –Iı, Іі –Ii, Чч –Сс. Осы жоба аясында бірнеше тілдік деректерді пайдалана отырып, ұтымды тұстары мен кемшілігін көрсетуімізге болады. Мұнда 26 дыбыс таңбасы Аа,  Bb, Vv, Gg, Dd, Ee, Jj, Zz,Yy, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Ww, Uu, Ff, Hh, Iı, Ii. Сслингвистикалық тұрғыдан дәйектелген, ешқандай дау тудырмайды, ал бесеуі диакретикалық таңба арқылы берілген (ä, ğ, ö, ü, ş, ŋ). Онда диакретикалық таңба дыбыстың жуан немесе жіңішкелігіне байланысты қойылған. Яғни оқыған немесе жазған адамның санасында дыбыстардың жуан немесе жіңішкелігі жатталып қалып, тез түсінеді және үйренуіне оңай болады. Мәселен, а-а – ә-ä, г-g – ғ-ğ, о-о – ө-ö, ұ-u – ү-ü, с-s, ш-ş. Мысалы: әңгіме –äŋgіmе, әліпби –älipby, әріп –ärip, дәстүр –dästür, әскер –äsker, дәм–däm, әнші –änşi, атакәсіп –atakäsip, дәреже –däreje, өнеркәсіп – önerkäsip, әлжуаз– äljwaz; ғажайып –ğajayıp, ғаламшар –ğalamşar, ғарышкер – ğarışker, дағдарыс – dağdarıs, данышпан – danışpan, даңғаза – daŋğaza, дағдарыс –dağdarıs; дереккөз –derekköz, өкілдік – ökildik, көрсету – körsetw, көбелек – köbelek, өнер –öner, сөз – söz, дөңгелек – döŋgelek; үй –üy, үстел – üstel, үйірме –üyirme, күлкі – külki, дүниежүзі –düniejüzi, дүниеқоңыз – dünieqoŋız, ержүрек – erjürek; жабдықтаушы –jabdıqtawşı, жазбаша – jazbaşa, жарғыш – jarğış, жарықсүйгіш –jarıqsüygiş, жауапкершілік – jawapkerşilik т.б. Бұл әліпбидің жақсы жағы – ықшам әрі түсінікті. Әсіресе бала жазғанда қиналмайды.

Ал екінші әліпби ағылшын клавиатурасына негізделген 24 әріптен тұратын техника мамандарының интернет жобасы. Бұл жоба 24 әріптен және 8 диграфтан (қостаңба) тұрады. Негізгі әріптер – Аа –Аа, Бб – Bb, Вв – Vv, Гг – Gg, Дд – Dd, Ее –Ee, Зз – Zz, Йй –Jj, Кк – Kk, Ққ – Qq, Лл – Ll, Мм – Mm, Нн – Nn, Оо – Oo, Пп – Pp, Рр – Rr, Сс – Ss, Тт – Tt, Уу – Ww, Ұұ/Уу – Uu, Фф – Ff, Хх – Hh, Ыы – Yy, Ии /Іі – Ii. Диграфтар – Әә – Ae ae, Өө – Oe oe, Ү ү – Ue ue, Ч ч – Ch ch, Ғ ғ – Gh gh, Ң ң – Ng ng, Ш ш – Sh sh, Ж ж – Zh zh.

Бұл әліпби біздің қазақ балалары үшін ыңғайлы және тиімді бола ма дейтін болсақ, мәселен Аа, Bb, Vv, Gg, Dd, Ee, Zz, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Ww, Uu, Ff, Hh, Yy, Ii әріптері лингвистикалық тұрғыдан ешқандай дау тудырмайды, ал қос әріп таңбасымен берілетін диграфтар жайында ойлану керек. Өйткені бұл әліпбиде 8 диграф бар. Бұл дегеніміз өте көп. Әсіресе бұл диграфтар бір сөзде кездескенде сөздің тұрқы бұзылып, ұзарып кетеді. Мысалы: Алтыншаш – Altynshash, әңгіме – aenggime, көңілді – koengildi, рухани жаңғыру – ruhani zhangghyru, әліпби –aelipbi, әріп – aerip, дәстүр – daestuer, әскер – aesker, дәм – daem, әнші – aenshi, атакәсіп – atakaesip, дәреже – daerezhe, өнеркәсіп – oenerkaesip, әлжуаз aelzhuaz; ғажайып – ghazhajyp, ғаламшар – ghalamshar, ғарышкер – gharyshker, дағдарыс – daghdarys, данышпан – danyshpan, даңғаза – dangghaza, дамушы ел – damushy el; дереккөз –derekkoez, өкілдік –oekildik, көрсету – koersetu, көбелек – koebelek, өнер – oener, сөз – soez, дөңгелек – doenggelek; үй – uej, үстел –uestel, үйірме – uejirme, күлкі – kuelki, дүниежүзі –dueniezhuezi, дүниеқоңыз – duenieqongyz, ержүрек – erzhuerek; жабдықтаушы – zhabdyqtawshy, жазбаша –zhazbasha, жарғыш –zharghysh, жарықсүйгіш – zharyqsuejgish, жауапкершілік –zhawapkershilik т.б. Көріп отырғанымыздай мұндай сөздер қазақ тілінде көп. Әсіресе мектепте оқитын балалар әріптерді шатастырып, қате жазатын болады. Бұл дегеніміз қазақ тіліндегі ә, ө, ү, ч, ғ, ң, ш, ж дыбыстарын диграфпен берудің тиімсіз екендігін көрсетіп отыр.

Қазіргі кезде ағылшын тілін терең меңгеріп жатқан жастардың бар екенін және компьютерлік техниканың дамып жатқандығын ескеретін болсақ, өз тіліміздің табиғатын сақтайтындай дәрежедегі әліпби жобасын ұсынғанымыз жөн. Сондықтан латын әліпби жобасын толықтай енгізбес бұрын әлі де болса зерттеп, оңайлатудың жолын қарастыруымыз керек. Сол кезде ғана болашақта латын әліпбиі қазақ тілінің табиғатын сақтап қалары анық.

А.Аманбаева

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері

11 пікір

  • ЖомартЖұма, 29.09.2017

    Ең бастысы халық сауатсыздыққа ұшырамасы болды

  • МүбаракЖұма, 29.09.2017

    Көп мүмкіндіктерге есік ашатын латын кілтін енді қай тіл зауыты жөнпе шығарады екен?

  • ЖандосЖұма, 29.09.2017

    Латын тілін қабылдағанымызбен тіліміздің табиғатын сақтап қалуымыз керек

  • bretxxxnaZCCәрсенбі, 04.10.2017

    すべての http://bretxxx.com/ 投稿者

  • joeyxxxoeCәрсенбі, 04.10.2017

    すべての http://joeyxxx.com/ 投稿者

  • huluxxxpvБейсенбі, 05.10.2017

    すべての http://huluxxx.com/ 投稿者

  • emotorrxqЖұма, 06.10.2017

    すべての https://emotorrents.com/ 投稿者

  • masttorrtgДүйсенбі, 16.10.2017

    すべての https://masttorrent.com/ https://masttorrent.com/browse-torrents/ https://masttorrent.com/top100 https://masttorrent.com/latest100 https://masttorrent.com/search-cloud/ 投稿者

  • masttorrocСейсенбі, 17.10.2017

    すべての https://masttorrent.com/ https://masttorrent.com/browse-torrents/ https://masttorrent.com/top100 https://masttorrent.com/latest100 https://masttorrent.com/search-cloud/ 投稿者

  • limtorrenseCәрсенбі, 18.10.2017

    すべての https://limtorrent.com/ https://limtorrent.com/browse-torrents/ https://limtorrent.com/top100 https://limtorrent.com/latest100 https://limtorrent.com/search-cloud/ 投稿者

  • limtorrenmdЖұма, 20.10.2017

    すべての [url=https://limtorrent.com/]limetorrents[/url] 投稿者

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар