17 қаң, 2018 сағат 16:15

Латын әліпбиіндегі төлқұжат 2021 жылдан беріле бастайды

Қазақстанда 2021 жылдан бастап латын әліпбиіндегі төлқұжат, жеке куәлік және басқа да құжат беріле бастайды. Ақпарат электронды үкімет порталында жарияланған.

"Қазақстан Республикасы азаматының латын әліпбиіндегі төлқұжаты, жеке куәлігі және басқа да құжаттарын беруді қамтамасыз ету. Орындау мерзімі – 2021 мен 2025 жыл аралығында", — делінген қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру бойынша шаралар жоспарында. Қаржыландыру көлемі "бөлінген қаражат аясында" болмақ.

Латын әліпбиіне көшу аясында онлайн-қосымшалар және балалар мен ересектерге арналған электронды оқу курстарын жасау үшін 382 миллион теңге бөлінбек.