11 шіл, 2018 сағат 08:39

Латвия полициясы Асылбек Мусиннің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі жапты

Латвия полициясы Қазақстан азаматы Асылбек Мусинге қатысты қылмыстық істі жапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Латвияның полициясы хабарлағандай, оқиғада қылмыс белгілері тіркелмегендіктен, іс жабылған», - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, былтыр 27 желтоқсанда Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусиннің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді. Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған.