27 ақп, 2017 сағат 06:43

Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді жеңісімен құттықтады

Әйгілі әнші Лара Фабиан отандасымыз Димаш Құдайбергенді "I Am a Singer" байқауының алтыншы турындағы жеңісімен құттықтады. 

Танымал өнер жұлдызы өзінің фейсбуктегі парақшасында: "Adagio" әні құрлықты шарлап кетті... Қытайлық «I am a singer» теле-шоуында өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенді құттықтаймын», - деп жазды.

Ал Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері Алпамыс Шаримов инстаграмдағы парақшасында: "Батырды батыр ғана мойындайды. Рахмет. Лара Фабиан Димашты өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында құттықтады! Сөзім жоқ!" - деп жазды.

Айта кетсек, Лара Фабиан бұған дейін Димаштың өнеріне тәнті болып, онымен кездесуге де ниет білдірген еді. Атақты әншінің композиторы Флабиеннің Ларамен WhatsApp арқылы тілдесуі желіде тарап кеткені мәлім.

Лара Фабианның ресми парақшасындағы Димашты құттықтауы: