#
#
Дүйсенбі 01/06/2020

Қызылордада қоғамдық орындардың жұмысы шектелді

  • 30.03.2020
  • 0
  • 187

Қызылорда қаласында көліктер қозғалысы мен қоғамдық орындардың жұмысына шектеу қойылды. Бұл жөнінде облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова арнайы қаулы шығарды.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, қаладағы көліктер қозғалысы мен қоғамдық-көпшілік орындардың жұмысына шектеу қойылған. 

Қызылорда қаласының автовокзалы мен реттелмейтін автотұрақтардан жүретін облысаралық, қалааралық, ауданаралық автобустар, шағын автобустар, таксилер және өзге де автокөлікпен жолаушы тасымалдау 30 наурызда сағат 00.00-ден бастап тоқтатылады. Сондай-ақ, дәл осы уақыттан облыс орталығындағы саябақтар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, интернет клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмысы тоқтатылады. 

Ал автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойханалар, той салондары, банкет залдары және үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шараларға да шектеу қойылды.

Қызылордада 28 наурызда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелсе, 29 наурызда ол науқаспен қарым-қатынаста болған медбикеден де сол диагнознақтыланды. Бүгін өңірде коронавирус жұқтырған тағы үш адам анықталды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар