01 мау, 2018 сағат 10:14

Қызылордада іскер әйелдердің алғашқы форумы өтті


Қазақстандағы шағын бизнес кәсіпорындарының 60 пайыздан астамын әйелдер басқарады. Ал Қызылорда облысында жыл басынан бері Өңірлік инвестициялық орталық арқылы қаржыландырылған 258 жобасының 112 кәсіпкер қыз-келіншектің бастамасымен қолға алынған болатын. Ол туралы облыстық іскер әйел –кәсіпкерлер форумында облыс әкімі Қ.Көшербаев хабарлады.

Форум жұмысына өңірлік қаржы институттары мен мемлкеттік орган басшылары, сондай-ақ, 40 жуық кәсіпкер қыз-келіншектер қатысып, аймақтық іскер ханымдарының бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев форумға қатысушыларды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі және Сыр өңіріндегі шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы баяндап берді.

«Қазіргі таңда рсепублика бойынша кәсіпкер қыз-келіншектердің үлесі 50 пайыздан астам. Мұндай жоғары көрсеткіштер әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы әлеуетінің тағы юір дәлелі. Шағын бизнес кәсіпорындарының 60 пайыздан астамын әйелдер басқарып отыр. Оның ішінде басым көпшілігі қызмет көрсету саласы: ателье, сулулық салондары, дүкендер, және денсаулық сақтау, азық-түлік және туризм салалары. Жыл басынан бері облысымызда Өңірлік инвестициялық орталық арқылы микронесие беру мақсатында 1 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 258 жоба мақұлданып, қаржыландырылды. Оның 112 пайызы іскер әйел – кәсіпкерлерге тиесілі», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, форумда Сыр өңірінде танымал іскен қыз-келіншектер: «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС бас директоры Рая Удербаева, «Мой доктор» клиникасының басшысы Ләззат Өмірзақова, «Қолөнер» этномәдени орталығының құрылтайшысы Аида Керімқұлова және т.б. баяндама жасады,

Іс-шара барысында белсенді кәсіпкер қыз-келіншектер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Еске сала кетсек, «Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында Сыр өңірінде шағын несиелендіруге республикалық бюджеттен 1,9 млрд.теңге қарастырылған, оның 1,8 млрд.теңгесі ауылдық жерлерде, 89,49 млн.теңге – облыс орталығында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында. Қаражат «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ орналастырылды.

Одан бөлек,  263,253 млн.теңге микронесиелерді субсидияландыру үшін бөлінді. Облыстық бюджеттен осы бағдарлама аясында 1 млрд.теңге бөлініп, қаржы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығында орналастырылды.

Сондай-ақ, облыста «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 1600 адамды оқыту жоспарланған. Сәуір айында алғашқы 327 адам оқуын бастап кетті. Одан бөлек 800 жуығы «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында курсты бітіріп, бүгінгі күні 333 адам білім алды.