29 нау, 2020 сағат 11:07

Қызылордада автобус қағып кеткен адам көз жұмды

Қызылорда қаласында автобус жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойында болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

«Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.