28 ақп, 2017 сағат 08:02

Қызылордада апатты жағдайдағы тұрғын үй құлады

Қызылорда қаласында үйдің бір бұрышы опырылып түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" 24.kz арнасына сілтеме жасап.

"Зардап шеккендер жоқ. Алайда 3 жыл бұрын апатты деп танылған Тасбөгет кентіндегі үйде 4 отбасы тұрып келген. Қазір олар көшіріліп, уақытша баспанамен қамтылды" дейді арна тілшілері.

1960 жылы салынған екі қабатты үйді енді ғана мамандар тұруға жарамсыз деп тауып, бұзу жөнінде ұйғарым шығарды. Қазірде 8 пәтерлі үйді арнайы техникамен құлатқан. Енді орны тазартылып жатыр. Ал облыс орталығында 255 отбасы апатты үйлерде тұрып жатыр екен.

"Оларға осы күнге дейін бірнеше рет жиналыс жасап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар басқа жағдайы жақсы бос тұрған үйге көшуге уақытша ұсыныстар жасалған болатын. Алайда ол кісілер сол жерде мектепте балалары бар, балабақшада балалары бар немесе жұмыс орнын тағы басқа сияқты себептермен уақытысында бас тартты", - қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев.