21 ақп, 2020 сағат 13:30

Қызылордада адам өлтірді деген күдікпен 44 жастағы тұрғын ұсталды

Қызылордада Қызылорда қаласында адам өліміне қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қызылорда қаласы «Ақмешіт» мөлтек ауданында адам мәйіті табылған еді. Полиция қызметкерлері тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Онда адам өлтiру жағдайы көрсетілген. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.