11 қыр, 2018 сағат 16:33

Қызылорда облысында тағы бір үшем дүниеге келді

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді. Облыс орталығында тұратын 27 жастағы Юля Панащук үш бірдей қыздың анасы атанды.

Үш нәрестеге Радмила, Анастасия және Алина есімдері қойылды. Олар дүниеге келгенде салмағы  1,7-1,8 келі болды. Шараналар облыстық «Ана мен бала» орталығында жарық дүние есігін ашты.

«Менің аман-есен босанып, нәрестелерімнің денсаулығының қалыпты болуына орталық қызметкерлері барынша қамқорлық көрсетті. Олардың осындай қамқорлығына алғысым зор. Орталық басшысы Гүлнәр Жұмашеваға да ризалығымды білдіремін», - деді Юля Панащук.

Бұл отбасында бұдан бұрын үш ұл тәрбиеленіп келеді. Жалпы, жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта  7 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Олардың арасында 180-і егіз бала. Биыл Қызылорда облысында екінші үшем жарық дүние есігін ашып отыр.

Естеріңізге сала кетелік, Өксікбаевтар әулетінде Айлина, Жасмина, Мәдина есімді үш қыз өмірге келді.  Сондай-ақ Түркістан облысы құрылғалы алғашқы үшем дүниеге келді.