08 сәу, 2020 сағат 20:10

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы Шиелі ауданынан

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы 9 адамның барлығы Шиелі ауданында тұрады. Бұл жөнінде облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Facebook парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Науқастардың 3-уі ер адам болса, 6-уы әйел адам. Олардың арасында ең кішісі - 2012 жылы туған қыз. Ал жасы ең үлкені - 1944 жылғы ер адам. 

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Олар медициналық бақылауға алынп жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - деп мәлім етті ведомстводан. 

8 сәуір сағат 22:35-тегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 85 адамды құрады. 

Олардың 9-ы Қызылорда қаласында, 16-ы Жаңақорған ауданында тіркелсе, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 47, Сырдарияда - 7, Аралда - 2 жағдай анықталды.