14 мам, 2018 сағат 09:42

Қызылордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш қойылды

Қызылорда қаласында мәдениет қайраткері, музыкант Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратBaq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып Батырхан Шүкеновтың бұрынғы директоры әрі продюсері Олжас Байкенов жазды. Оның айтуынша, аталған ескерткішті жасауға Мұрат Мансұров пен Жарас Шәймерденов көп үлес қосқан. Ол, сондай-ақ, Қызылорда қаласының әкімі Қырымбек Көшербаевқа алғыс білдірді.

Ескерткіштің ашылу салтанаты 18 мамыр күні сағат 10:30-да Оқушылар сарайы маңындағы саябақта өтеді.