#
#
Жұма 15/11/2019

Қызғыш құс (фильмнің толық нұсқасы)

  • 14.12.2018
  • 0
  • 17197

«Желтоқсан көтерілісі кезінде мен Мәскеуде тұратынмын. Көтерілістің болғанын сол жақтан естідім. Елге келген соң, көп жағдайға қанық болдым, – дейді Талғат Теменов. – Желтоқсан шындығының айтылмай жатқанын көрдім. Қазақ жастарының бұл ерлігінен шет мемлекеттер хабарсыз екен. Желтоқсанда қазақ жастары ешкімнен жасқанбай алаңға шықты емес пе? Ендеше, бұған неге қуанбауым, мақтанбауым керек? Қазақ жастарының ерлігін неге басқаларға көрсетпеске? Осындай оймен осы фильмді түсірдім».

"Бұл фильмнің сценарийін мәскеулік драматург, қалмақ жігіті Олег Манжиевпен бірлесіп жаздым. Сол кезде Олегтің қазақтарға деген құрметін байқадым. «Сендер ержүрек халық екенсіңдер» деп қызығып отырды. Жазылған сценарий бойынша киноны түсірдік. Алайда, фильмді Мәскеуге ұшақ арқылы жөнелткелі жатқанда пленкалар тиелген «Рафик» машинасы өртеніп кетті. Сөйтіп, «Қызғыш құсты» түсірген негативтердің барлығынан айырылып қалдық. Желтоқсанға қатысты көптеген деректі кадрлар да өртке оранды. Фильмде Гүлнар Досматова, Райымбек Сейтметов, Жанар Чайкина, Әшір Шоқыбаевтар ойнады. Ал фильмнің музыкасын белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов қойды", дейді фильмнің режиссері Талғат Теменов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар