#
#
Сейсенбі 23/10/2018

Қытайлық кәсіпкерлер Екібастұздағы көмірді зерттейді

  • 06.03.2018
  • 0
  • 639

Қытайдың Хэцзинь қаласының әкімшілігі Екібастұздағы көмірді зерттеуге бел буды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Екібастұзға былтыр "бауырлас" қала болған Қытайдың Хэцзинь қаласынан делегация келді. Сол кезде екі қала арасындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Анықталғандай, Екібастұздағы көмір осы отын түрін қайта өңдеумен айналысатын «Янгуан» корпорациясының қызығушылығын тудырған.

«10 миллион тонна көмірден 5 миллион тонна кокс  алуға болады. Көмір  шина өндіруге, аэроғарыштық өнімдер өндіру үшін қолданылады», - деп атап өтті Хэцзинь қаласы мэрінің орынбасары Хэ Хонглинг.

Қытайдан келген делегация көмір разрездері мен басқа да кәсіпорындарды аралады.

Сондай-ақ, қалалық әкімдікте Екібастұз әкімі Қайрат Нүкеновпен кездесу өтіп, екі қаланың басшылары сауда, экономика, мәдениет және спорт салаларындағы өзара әрекеттестік туралы келісім жасаған. 



0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар