19 шіл, 2017 сағат 13:30

Қытайлану барахолкадан басталып жатыр...

Үш тұғырлы барахолка

Кеше ауылдан келген ағайынды барахолкаға апардым. Көзі қысық, кейбір қандастарымыздан аумайтын сатушымен қазақша тілдестім. Көсіліп сөйлемесе де, тауарының бағасы мен сапасы туралы қазақша, мүдірместен, қысқа да нұсқа жауап берді. 

Менен кейін келген бір адаммен орысша кәдімгідей сөйлесті, ұғынысты. Көп сөйлемесе де, тауарын мақтап дөп сөйлеп жатыр.

Қатарларды аралап, қайта айналып келсем, жанындағы контейнердегі өзінен аумайтын сатушымен қытайша шүпірлесіп жатыр.

Қазіргі заманның үш тұғырлы тілі!

Қытайлану барахолкадан басталып жатыр...

Көші-қон полициясы бұған не дейді екен?

Әміржан Қосановтың фейсбуктегі жазбасынан