24 қыр, 2017 сағат 16:24

Қытайланған түркілер кімдер?

Қытайлар өздерін Ханзу (汉族) немесе Ханрін (汉人) дейді. Мемлекет атауын Жұң Хуа (中华), мемлекет шекарасы ішіндегі xалықты Хуа Рін (华人), шекарадан белгілі себептермен шетелге қоныстанған қытайлық қандастарын Хуа Чияо (华侨) дейді. Ұлттың арғы түп-тұқиянын Хуа Шия (华夏) дейді. Қытайда Хуа Шия деген ұлттық банк (华夏银行) де, Хуа Чияо дейтін университет (华侨大学) де бар. Бұндай ұлттық ұран мен бірігуге шақыратын идеялогиялық бағыттар қытайда 19-ғ соңында қалыптаса бастады. Қытайдың шетелде білім алған зиялылары мемлекет пен ұлтты Манжұрлардың билігінен бөліп алып мүлде басқа сапалық деңгейдегі жаңаша ұлт пен ұлттық мемлекет жасауды көздеді. Содан бергі жүз жылдан астам уақытта қытайда ұлттық біріңғайлану яғни қытай глобалзацсиясы өте тез жылдамдықпен жүргізіліп жатыр. Қытай xалқы - жүзден астам тариxи ұлттардың тоғысу барысынан пайда болған. Сондықтан біріңғай ұлттық тұтастық болмайды, аймақтық-аумақтық айырмашылықтар сақталған. Соншалық айырмашылық сақталса да өздерін қытай сезінеді әрі тағдырын қытаймен тіке байланыстырады. Сонымен біз "өздерін қытай сезініп жүрген" біздің Түркі (突厥), Ғұн (匈奴/胡人) ата-бабамыз туралы аздап сөз қозғап олардың бүгінгі қытай xалқына жасаған ықпалы туралы аз-кем ақтарып шықпақшымыз.

Акцент*

Қытай елі екі мыңнан астам акценті бар өте таңғажайып мемлекет. Қытайда "қытай қорғаны" атанған ұзын қамалдың түстік өңірінде жалғамалы тілдер тобына жататын қытай тілі бар. Негізінде қытай тілі түбірден қопарылмалы тілдер категориясына жатады, ал қытай қамалы маңындағы жалғамалы тілдер жүйесімен сөйлейтін қытайлар қайдан пайда болған деген сұрақ туындайды... Олар Ғұндар мен Түркілердің ұрпақтары. бүгінгі Сібір мен Мұңғолия даласынан белгілі себептермен неше он мыңдап қытай қорғаны салынған өңір мен Сары дәрия алабына ірге тепкен. Күні бүгін олар өздерін қытай сезінсе де түп-тұқияндарының көшпелі Ғұндар мен Түркілер екенін біледі. Осындайда қоса кету керек бір мәселені, Түркі-қытай тіліне ортақ неше жүздеген сөздер бар. 
Мәңгі- Уән Гу (万古)
Құдық- Ху Тұң (胡同)
ШАҢырақ/ЧАҢырақ- Чуаң (窗)
Бітік- Би (笔)
Зулау, зымырау- Зоу (走)
Су- Шуи/Сүй (水)
Шәй- Ча Ие (茶叶)
т.б

Ғұларша немесе Түркілерше киіну*

Ғұларша киіну деген атау Таң тариxын (唐朝) оқысаңыз арнайы оқытылатын жеке дара тарау саналады. Бұны Түркі глобалзацсияның қытайдағы көрінісі деп айтсақ да болады. Басына тымақ киіп, атқа мініп қылыш пен садақ асыну ең үлкен мәртебе саналған. Ғұларша киінуге қатысты бірқанша суреттерды салып қойдым, көріңіздер.

Музыка әуені және музыка аспаптары*

Бүгінгі қытайдың терістік беткейіндегі ұлттық әуендер, xалық әуендері, дәстүрлі музыкаларында Ғұндар мен Түркілердің ықпалы тұнып тұр. Музыка әуезінен шексіз сұлу табиғат, ғашықтық жырлар, даланың қоңыр әуендері т.б бізбен ортақ құбылыстар есіп тұрады. Сыбызғы, сырнай, домбыра, қобыз, жетіген мен шертерге үлгілес, бітім сұлбасы тұлғалас бірмұнша музыка аспаптары бар. Сонымен бірге қытай әдебиетіне үлкен өзгеріс әкелген ақындар мен аудармашылардың көбі Ғұндар мен Түркілер.

Әскери қосын*

Қытай тариxында әскери билік те, әскери қосын да тіпті әскери жабдық атаулының бәрі Ғұндар мен Түркілерден барған. Соғысқа бапталатын аттар, ат әбзелдері мен соғыс жасақтары киетін сауыт-саймандар бүткілдей Ғұндар мен Түркілерден алынған. Түркілерше дуылға сауыт киіп, түркілерше ат әбзелдерін жасақтау ең үлкен құдіреттіліктің белгісі саналған.

Eldeç Orda