21 қар, 2018 сағат 16:22

Қытайдың Гуанчжоу қаласында қазақстандық студент көз жұмды

Қазақстандық студент қыз Қытайдың Гуанчжоу қаласында көз жұмды. Жас қазақстандықтың өлімі туралы хабарды Қазақстанның сыртқы істер министрлігіндегілер растады, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.

"Қазіргі сәтте елшілік мәйітті Қазақстанға алып келу және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселесімен айналысып жатыр", — деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, сыртқы саясат ведомствосындағылар оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта белгілі болатынын айтты.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайда тағы бір қазақстандық студенттің өлімі туралы хабарланған еді. Ол кезде бойжеткен 14-қабаттан құлап көз жұмған. Қайғылы жағдай болған сәтте бойжеткен досының үйінде қонақта отырған. Осы іске байланысты Пәкістанның екі азаматы тұтқындалған еді.