22 мам, 2017 сағат 06:59

Қытайдағы жанкүйерлер Димашқа ерекше сый жасады

Димаш Құдайбергеннің қытай жанкүйерлері оның дүниеге танымал әнші болуын армандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің досы Алпамыс Шаримовке сілтеме жасап.

Бүгін әншінің Шанхай қаласында концерт беріп жатқаны белгілі. Қазақстандық әншінің қытайлық жанкүйерлері оның келе жатқан 24 мамырдағы туған күніне орай тосынсый жасады. Олар орындаушыға алғыс хат пен үлкен торт әзірлепті. Ең қызығы алғыс хатта жазылған сөздер, себебі онда жанкүйерлер мектептерде Димаштың атындағы кітапханалар ашып, жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларға тегін түскі ас беріп, жаңа киімдер ұсыныпты. Хаттың мәтінін толық жариялауды жөн көрдік:

"Құрметті Димаш, 24 мамыр жанкүйерлеріңіз көптен күткен туған күніңіз, сіздің Қытайда тұңғыш өткен туған күніңізді еске сақтау үшін, Dimash China music fan club мүшелері сізге ерекше бір туған күн тартуы  - "Әлеуметтік игілік куәлігін" ұсынуды жөн көрдік. Пікірлесу арқылы, біз "тегін түскі тағам" және "желкен жаю жоспары" сынды екі жобаны талқыладық. "Тегін түскі тағам қоры қоғамы" арқылы, кедей аймақтағы балалардың тегін түскі тағамдар жей алуына көмектестік. "Желкен жаю жоспары" арқылы қиыншылығы ауыр өңірдегі бастауыш мектепке 496 кітап жылу берумен бірге "Димаш кітап бөлмесін" құрдық және басқалай оқыту құралдары, жаңа киімдерді ұсындық", - делінген хатта. 


Ал бұл жобаны атқаруының себебі деп жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің ән кешін табысын жылуға атау арқылы, елге көмектесуін және осыдан өздерінің ерекше әсерленгенін айтып отыр.

"Сіздің қадамыңызды басып, сізбен бірге әлеуметтік игілік істеріне бір кісілік үлесімізді қосуға бекідік. Сіздей әншінің жанкүйері болғанымызды мақтаныш тұтамыз, сіздің бойыңыздағы көптеген асыл қасиеттер біздің үйренуімізге татиды. Соңында туған күніңіз құтты болсын, денсаулығыңыз мықты болсын, бұдан былайғы жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, сіздің бірте-бірте дүниеге танымал әйгілі әнші болуыңызға тілектестік білдіреміз әрі осыған куә болуды армандаймыз", - деп жазылған құттықтауда. © Алпамыс Шаримов Ал осының алдында әнші Канн фестиваліне қонақ болып барған еді.  Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Bastau деп аталатын жеке ән кеші 27 маусымда Астанада өтеді. Оған қазірдің өзінде қазақстандықтармен бірге шетелдік табынаушылары да билет сатып алып жатыр. Bastau концерті EXPO-2017 қарсаңында "Астана Аренада" болады.