16 мам, 2017 сағат 15:28

Қытайда "отты жаңбыр" жауды (видео)

Қытайдың Шэньян қаласында жүргізушілер "отты жаңбырдың" куәсі болды, - деп жазады Baq.kz.

Оқиға 11 мамырда болған. "Отты жаңбыр" жауған сәт көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған. Сол күні қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнап тұрған. Кенет жарқылдаған найзағайдың ұшқындары аспаннан жерге шашырай бастаған.

Daily Mail басылымының мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.