#
#
Бейсенбі 19/04/2018

Қытайда қазақстандық студент қыз 14-қабаттан құлап, мерт болды

  • 12.01.2018
  • 0
  • 718

Қытайдың Судьжоу қаласында 19 жастағы қазақстандық студент қыз 14-інші қабаттан құлап, қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қайғылы жағдайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов растады.  

«Қазір бұл дерек бойынша Қытай полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Пәкістанның екі азаматы ұсталды. Кейінірек олардың біреуі қолхатпен босатылды. Қайғылы жағдай туралы Шанхай қаласындағы Қазақстан Консулдығы анықтап білді. Олар қыздың туған-туыстарына хабар берді. Консулдық қызметкерлері қыздың ата-анасына Қытайдан қорғаушы табуға қол ұшын берді», - деді Әнуар Жайнақов.

Оқиға 1 желтоқсан күні Шанхай қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Судьжоу қаласында болды.

1999 жылы Алматы облысында туған студент қыз Судьжоу қаласындағы университеттердің бірінде 2-курста оқып жүрген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1 желтоқсан күні Пәкістан азаматы қазақстандық бойжеткен мен оның құрбысын өз туған күнін атап өтуге шақырған. Пәтерде ҚР-дың екі азаматшасынан бөлек, тағы бір пәкістандық болған. Ер адамдар ішімдік ішіп, қыздарға қол жұмсай бастаған соң, олардың бірі пәтердің бір бөлмесіне қашып кіріп, есікті іштен жауып алған.

Біршама уақыттан соң бөлмеден шыққан қыз құрбысының 14-інші қабаттан құлап кеткенін көрген.

ҚР СІМ баспасөз қызметі басшысының айтуынша, әзірге қыздың өзі секіріп кеткені, болмаса біреудің итеріп жібергені нақтыланған жоқ. Дегенмен, сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде қыздың биіктіктен құлау салдарынан көз жұмғаны расталды.

Сараптама сондай-ақ оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын көрсеткен.

«Шанхайдағы Қазақстан Консулдығы мен ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі бұл мәселені өзінің тікелей бақылауына алды. Марқұмның денесі 25 желтоқсанда Қазақстанға жеткізілді. Оған ҚР елшілігі барынша көмек көрсетті», - деп атап өтті Ә.Жайнақов.

Ресми өкілдің хабарлауынша, мерт болған қыздың құрбысы Судьжоудағы оқуын жалғастыруда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар