22 мам, 2020 сағат 10:15

Қытай биыл кезекті халық санағын жүргізеді

Қытайда 2020 жылы жетінші жалпыұлттық халық санағын жүргізуді бастайды. Бұл туралы жұма күні 13-ші шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 3-ші сессиясында жарияланған баяндамада айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің хабарлауынша, санақ 2020 жылдың 1 қарашасында басталып, халықтың саны, құрылымы және географиялық жағынан бөлінісін анықтайды. 

«Қытайда қалаларда топтасу деңгейі алғаш рет 60 пайыздан асқан», - делінген баяндамада. Ал 2010 жылы қаладағы тұрғындар саны 49,6 пайызды құраған. 

Еске сала кетсек, соңғы халық санағы 2010 жылы болған. Кейінгі он жылда, 2000 жылы өткізілген 5-ші санақтан кейін құрлықтағы Қытай тұрғындарының саны 73,9 млн адамға көбейген. Жалпы алғанда, 2010 жылғы жағдай бойынша Қытай халқының саны 1,3 млрд адамнан асқан. 

Бұл елде жалпыұлттық халық санағы 1953, 1964, 1982, 1990, 2000 және 2010 жылдары жүргізілген.