03 сәу, 2020 сағат 07:28

Қырғызстанда коронавирустан алғашқы науқас қайтыс болды

2 сәуірде Қырғызстанда 61 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады республикалық штаб өкілдері. Науқас Ош облысындағы ауруханада емделген. Жақында шетелден оралып, стационарда карантинде болған. Тесттен өтіп, вирус бары анықталған. Науқаста өзге де аурулар болған деп айтылады. 

Республикалық штаб өкілдері 3 сәуірде таңертең Қырғызстанда тағы тоғыз адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Елде науқастар саны 125 адамға жеткен. 

Төрт науқастың жағдайы ауыр, бір адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған деді штаб өкілдері.

Эпидемия басталған уақыттан бері бес адам айыққан. Бұл Қырғызстанда тіркелген алғашқы адам өлімі.