16 сәу, 2018 сағат 09:21

Қырғызстан президенті қарапайым ұшаққа отырып, қошеметке ие болды (Видео)

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Ош қаласына қарапайым рейспен ұшты. Ұшақ бортындағы жолаушылар оған қошемет көрсетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қырғыздардың танымал жүргізушісі Нұрсұлтан Майназаров өзінің Instagram парақшасына видео салып көрсетті. Видеода шоумен ұшақ ішінде орнынан тұрып, өздерімен бірге ел президенті ұшып бара жатқанын айтады.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Sputnik басылымына ақпаратты растады.

«Президент Ош қаласына отбасылық жағдайына байланысты ұшты. Ол өзінің қайтыс болған ағасының жылдық асына барды», - делінген хабарламада.