13 қаз, 2017 сағат 20:38

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Қырғызстанның Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмек алу қажеттілігінің өзектілігі жойылды. Бұл туралы республиканың ТЖМ баспасөз қызметінің өкілдері таратқан мәлімдемеде айтылады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қырғыз тарапының шұғыл үндеуі биылғы мамыр айында Ош облысындағы көшкінге, қар көшкініне және зілзалаға байланысты болған. "Алайда Қырғыз Республикасының үкіметі шетелдік серіктестердің қолдауымен елдің оңтүстігіндегі табиғи апаттың салдарын жедел жойды. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметіне осы шешімі үшін алғыс білдіре отырып, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегінің қажеттілік өзектілігі жойылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Қырғыз Республикасындағы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан Үкіметі көрші мемлекетке гумантарлық көмек көрсету туралы шешім шығарған еді. 

көрнекі сурет: ntv.ru

kaz.tengrinews.kz