09 қаз, 2017 сағат 16:18

Қырғызды қазақтай бауыр тұтатын ел кемде-кем

Хан Кене мен Наурызбай батырдың қолына қарсы шапқан қырғыз манаптарының ішінде айыр қалпақты милықтата киіп алған орыс-казак жасақтары болды дейтін дерек бар. Сөйтіп ақырында ақ патша қырғызды қазаққа айдап салып дегеніне жеткен көрінеді. Әйтсе де, бірақ, қазақ пен қырғыздың іргесі бөлінген жоқ.

Шоқан қырғыз тарихына шолу жасады. Енесай мен Алатоодың арасында көшкен қырғыз көшін "эпопеялық көш" деп атады." Манас жырын" қағазға түсіріп, ғылыми айналымға енгізді. "Ыстықкөл очерктерін" жазды.

Мұхтар Әуезов Мәскеуде "Манас жырын" "буржуазияның жыры" деп бет қаратпаған Совет цензурасынан қорғап қалды. Жас әм талантты жазушы Шыңғыс Айтыматовты биікке көтерді. Сол Шықаң "нағашы жұртыма барып келейін" деп Алатаудың теріскей бетіне аттанғанда қазақ жазушылары алты қанат ақ боз үйін тігіп алдынан шығатын. Қала берді, қазақты қырғыздай жақсы көретін, қырғызды қазақтай бауыр тұтатын ел кемде кем.

Міне, осындай арқа-жарқа елдің арасына Атамбаев сияқты оңғақ саясаткерлердің сөзі сына болып қағылмауы керек деп ойлаймын. Атамбаевтар келеді кетеді. "Сенің де кигенің ақ қалпақ, менің де кигенім ақ қалпақ, бетіміз біздің жап-жалпақ" деп қазақ-қырғыз аман-есен жүре берсін!

Дәурен Қуаттың фейсбуктегі жазбасынан