02 қар, 2017 сағат 09:33

Қырғыз тасымалдаушылары тарапынан жүк-көлік заңын бұзу фактісі жиілеген

Инвестиция және даму министрлігі қырғыз тасымалдаушылары тарапынан жүк-көлік заңын бұзу фактісі көбейгенін хабарлады, деп жазады "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан ақпарат бойынша, 1 қараша сағат 07.00-ден 2 қарашаға дейінгі тексеріс кезінде 149 қырғыз көлігі 16 рет ереже бұзған.

«Оның ішінде тез бұзылатын жүктерді халықаралық тасымалдау үшін талап етілетін куәлік, тауар-көлік жүкқұжатының болмауы (CMR), ауқымды жүк салмағының артықтығы сияқты заңбұзушылықтар жиі кездеседі. Жиналған айыппұл суммасы 152 303 теңге», - деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.

Ресми деректер бойынша анықталған заң бұзушылықтар Қырғыз Республикасы тарапына жолданды.