13 нау, 2017 сағат 08:03

Қырғыз басшысының кенже қызы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықты

YouTube видеохостингінде Қырғызстан президентінің 19 жастағы қызы Әлия Шагиева мен Константин Рязановтың тойынан видео үзінді пайда болды.

Ролик авторы - өзін "үнсіз куәгер" атаған Владимир Цай. Видеоға неке қию рәсімі түсірілген. 

Еске салайық, қырғыз президентінің кенже қызы 2016 жылдың 27 тамызында тұрмыс құрды. Той Бішкектегі Skyhall мейрамханасының ашық төбесінде өтті. Тойға бар-жоғы 30 адам жиналғанын айта кету керек.  

Константин Рязанов 1992 жылы Бішкекте туған, бағдарламалау саласында қызмет атқарады және көпшілік алдында салтанатпен жүруді ұнатпайды екен. Ол Әлиямен төрт жыл бұрын Ғаламтор арқылы танысқан. Сол уақытта өзі 20 жаста, ал Әлия небәрі 15 жаста болған.

Kabarlar.org мәліметі бойынша, Әлия мен Константиннің тойы Қырғызстан жұртшылығына екіұдайы әсер етті. Бірі Әлияны құттықтап пікір қалдырса, енді біреулер жары қырғыз ұлтынан болмағаны үшін сынаған.