02 қыр, 2019 сағат 16:08

Күздің алғашқы күндері күн суытып, жаңбыр жауады - Қазгидромет

Синоптиктер 3-5 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның солтүстік жартысына жаңбыр мен суықты ала келген циклон алдағы үш тәулікте де республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарына өз ықпалын тигізеді. Ал циклонға байланысты суық атмосфералық фронттар оңтүстік, содан соң оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарға қарай жылжиды. Циклон және фронттардың әсерінен республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік облыстарда температура төмендеп, ал солтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 3-6°С төмен болады. 

Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық өңірлерінің жекелеген аудандарында түнгі уақыттарда 1...3°С үсік жүруі мүмкін.