29 мау, 2018 сағат 15:36

«Құтты мекен Ақтөбеден – арайлы Астанаға» автокеруені жолға шықты

Өңірде Астананың 20-жылдығына 3000-нан астам іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева хабарлады.

Өңірде Астананың 20- жылдығына ұштастырылған іс-шаралар 2017 жылдың 10 желтоқсанында «Елімнің жүрегі – Астана» жастар форумымен, сондай-ақ, «Музарт» тобының 2 күндік концертімен басталғанын еске сала кеткіміз келеді.

«Өңірлердегі Астана Күнін өткізу жөніндегі іс-шаралар Ақтөбе облысынан басталды, онда «Елордадан елге сәлем» атауымен мерекелік концерттер өткізілді, сол сияқты, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды. Облыс басшылығының қолдауымен ақтөбелік шығармашылық ұжымдар Ресейдегі, Түркиядағы, Италиядағы, Индиядағы фестиваль-конкурстарға қатысты. Облыстың Орынбор облысымен шекаралас бес ауданында «Астана – арман қала» атты мәдени іс-шаралар, ал Өзбекстанның Нүкіс қаласында «Ақтөбе-Нүкіс: әріптестік пен өзара ынтымақтастық» атауымен бірлескен концерт өткізілді», - деді Маржан Қорғанбаева.

Тұтастай алғанда, Астананың 20-жылдығына өңірде 3-ға жуық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, тақырыптық конференциялар, симпозиумдер, дөңгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар, эстрада жұлдыздарының концерттері, 25 өндірістік және әлеуметтік маңызды нысандар, «20 қайырымды іс» іс-шараларын өткізу жоспарланған.

25 маусымда мәдениет және өнер қайраткерлері, белсенді жастар қатысқан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды  облыстарында және тағы да 11 елдімекенде болатын «Құтты мекен Ақтөбеден – арайлы Астанаға» автокеруені жолға шықты. 1 шілдеде автокеруен 5170 шақырым жол жүріп, Астанаға жетеді, осы жерде мерекелік концерт ұйымдастырылатын болады.

Осы жылғы шілдеде басталатын «Туған жерім-нұрлы елім» Ақтөбе облысы аудандарының күні де Астананың 20-жылдығы аясында ұйымдастырылатын болады. Одан басқа, өңірде «Астана - болашақ бастауы» ұранымен іс-шаралар кешені басталды.

30 маусым-6 шілде аралығында Ақтөбе облысында "Plain Air" көркемөнер симпозиумы, шілдеде– "Ән-ғұмыр" республикалық ретро фестивалі,   "Дала аккорды – Степной аккорд" бард әндерін орындаушылардың халықаралық фестивалі, алтамызда - республиканский конкурс эстрада орындаушыларының «Жібек жолы» республикалық конкурсы болады.

2018 жылғы 30 маусымда Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Қазақ камералық хоры Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромындағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің жұмысына, 2 шілдеде – «Жарқыраған Астана», «Shine Astana» салтанатты өлеңінің премьерасына қатысады.