#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Құтқарушылар көлікке қысылып қалған ер адамды аман-есен шығарып алды

  • 18.09.2019
  • 0
  • 344

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары автокөлікте қысылып қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше түнде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы облысының Іргелі кентінде соқтығысқан екі автокөлік туралы хабар келіп түсті.

«Екі көлікте де жарақат алған адамдар болған. Зардап шеккен үш адамды жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шығарып, ауруханаға жатқызды. Алдыңғы орындықтағы төртінші жолаушы қысылып қалған, дәрігерлер ер адамды өз бетімен шығарып ала алмады. Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының жедел тобы шақырылды» делінген хабарламада.

Құтқарушылар гидравликалық құрал көмегімен ер адамды автокөліктің салонынан алып шықты. Сосын оны жедел медициналық жәрдем бригадасына жеткізді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар