20 там, 2019 сағат 08:11

Құтқарушылар алматылық альпинистерді іздеуге шықты

Құтқарушылар Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге ұшып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін таңертең «Казавиаспас» мекемесінің Ми-171 борты Алматы облысындағы Қарқара альпинистік лагерінен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Қырғызстанға ұшып шықты.

«Бортта Оңтүстік Інілшек базасына жеткізілетін үш әскери альпинист бар. Ары қарай олар жаяу шығады. Іздестіру жұмыстарына қырғызстандық альпинистер тобы да қосылады» , - деп хабарлады комитет өкілдері.