26 қыр, 2016 сағат 07:51

Құрылысшылар үңгірдің астынан 400 келі тартатын алып жыланды тауып алған (Фото, Видео)

Бразилияның солтүстігінде орналасқан құрылыс алаңынан жұмысшылар ұзындығы 10 метр, диаметрі 1 метр және салмағы 400 келі алып анаконданы тапты, - деп жазады Daily Mail.

Бауырымен жорғалаушы жануар Пара штатындағы үңгірлердің бірінен табылған. Құрылысшылар үңгірдегі бөгет соғылған жерде басқарылатын жарылғыш затты атқан кезде ғана осы жыланды көрген. Содан олар шынжыр мен көтергіш кранның көмегімен анаконданы іліп қойып, оны суретке түсірген.

Айта кетейік, Желіде көптеген қолданушы жұмысшыларды анаконданың сирек түрін өлтірді деген болжамдарды айтып жатыр. Алайда бұл мәлімет әлі расталған жоқ.

Анакондалар - қазіргі уақытта ең үлкен жыландардың бірі. Бірақ ғалымдар осыған дейін ұзындығы тоғыз метрден асатын анаконданы көрмеген де екен.

Айта кетейік, Гиннесстің рекордтар кітабына сәйкес ең алып жыланның ұзындығы - 7,6 метр.

kaz.tengrinews.kz