#
#
Дүйсенбі 23/07/2018

Құрманғазы оркестрі гастрольдік сапармен Өзбекстанға барады

  • 22.11.2017
  • 0
  • 2914

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы  «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» Халықаралық жоба барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі  Өзбекстан Республикасының  Самарқанд, Ташкент қалаларына гастрольдік сапарға аттанды.

Биыл - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастың орнатылғанына  25 жыл. 

Ағымдағы жылдың 23-24 қараша күндері оркестр ұжымы өзбек халқы көрермендеріне  «Бірлігіміз жарасқан» атты концерттік бағдарламаны ұсынатын болады.

Концерттің бағдарламасы – төл шығармалардан, әлемнің классикалық композиторларының ең үздік жарқын туындыларынан және өзбек халқының халық әндерінен тұрады.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сүндет Байғожин, Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі – Жеңісбек Пиязов, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Батыржан Мықтыбаев, Республикалық конкурстардың лауреаттары: Ақайша Жұрбай, Ақбота Серікболовалар қатысады. Оркестрдің бас дирижері Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Арман Жүдебаев, дирижер Мәдениет қайраткері – Жексен Айсын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар