#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластарымыз белгілі болды

  • 13.09.2019
  • 0
  • 758

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатының алғашқы күні грек-рим күресінен төрт қазақстандық балуан сынға түседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлем чемпионатының шымылдығын грек-римкүресінің балуандары ашып, жүлделі орындарға таласып қана қоймай, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасын да сарапқа салады.
Алғашқы жарыс күні 55 келі салмақта – Қорлан Жақанша, 63 келі салмақта - Алмат Кебісбаев, 72 келі салмақта - Демеу Жадыраев және 82 келі салмақта - Мақсат Ережепов ел намысын қорғайды.
Қорлан Жаханша бірінші айналымда алжирлік Абдилькарим Фергатпен кездеседі. Ал күресті 1/8 финалынан бастайтын Алмат Кебісбаев индиялық Сагара Сагарнимен белдеседі. Демеу Жадраевтың алғашқы қарсыласы - Палау мемлекетінің спортшысы Джарвиюс-Садам Блесам Тарконг. Сондай-ақ іріктеу кезеңінде Мақсат Ережепов  жапониялық Юа Окажимамен күреседі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлем біріншілігінің жарыс кестесін жариялаған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар